"30 игі іс": Әншілер жақсылық жасап жарысып жатыр ма?

"30 игі іс": Әншілер жақсылық жасап жарысып жатыр ма?

ашық дереккөзі

 width= "30 игі іс" акциясы аясында жұлдыздар астаналық мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қайырымдылық эстафетасы аясында кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар соғыс және тыл ардагерлеріне, мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізеді. Акцияға Алтынай Жорабаева, Ардақ Балажанова, Қайрат Нұртас секілді танымал әншілер де атсалысты.  

"30 игі іс акциясына қатысқаныма шын жүректен қуаныштымын. Мерекеде төрт ұл, екі қыздың анасы Нұрзия ханыммен қауышып отырмыз. Қайырымдылық жасауға асығайық. Мереке құтты болсын!", - дейді әнші Ардақ Балажанова.
 width=
"Бізді елеп-ескеріп, құттықтап келіп жатқандарыңызға рахмет", - дейді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанов
Еске сала кетейік, "30 игі іс" акциясы барысында қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлерге қар шығаруға, үй ішін тазалауға, көмір жеткізуге көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, еріктілер коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратқан болатын. Бұл эстафетаның ең басты мақсаты – қала мен тұрғындар үшін игі іс жасау.    

Жүктелуде...