Футболдан жылдың үздік ойыншысы анықталды

Футболдан жылдың үздік ойыншысы анықталды

ашық дереккөзі

 width= Халықаралық футбол федерациясы («FIFA) онлайн-форматта өтіп жатқан ресми ашылу рәсімінде жыл қорытындысын шығарды. Ерлер арасындағы футболында жылдың ең үздік ойыншысы болып Польша құрама командасының шабуылшысы Роберт Левандовски атанды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Роберт осы жүлдеге таласқан италиялық «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лео Мессиді басып озды. Марапаттау рәсімінің онлайн форматта өтуіне қарамастан, FIFA президенті Джанни Инфантино марапатты жеңімпаздың қолына тапсыру үшін Мюнхенге келді. Бұл – 32 жастағы футболшының алғашқы марапаты. Бұл сыйлықты былтыр Лионель Месси алған еді. 2020 жылы Левандовски «Бавария» құрамында чемпионатты және Германия кубогын жеңіп алып, УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Роберт Бундеслиганың да, Чемпиондар лигасының да үздік бомбардирі болды. FIFA марапаты француздық France Football басылымы ұсынатын «Алтын доп» сыйлығынан өзгеше. 2020 жылы журнал ең жақсы ойыншыны таңдамауға шешім қабылдаған еді.  

Жүктелуде...