Forbes-та көш бастаған спортшылар тізімі жарияланды

Forbes-та көш бастаған спортшылар тізімі жарияланды

ашық дереккөзі

 width= Forbes журналы 2020 жылдың қорытындысын жасады. Материалдық тұрғыдан ең көп табыс тапқан тұлғалардың тізіміне бес спортшы енді, деп хабарлады Newsroom+ақпарат агенттігі. Спортшылар арасында ең бай-қуаттысы Роджер Федерер екен. Атақты Швейцарияның теннисшісі 106,3 миллион доллар мөлшерінде табыс тауып, Forbes тізімінде үшінші орында тұр. Төртінші және бесінші орындарда футболшы Криштиану Роналду мен Лионель Месси табан тіреді. Португалиялық футболшы 105 миллионға байыса, аргентиналық  одан бір милионы ғана кем түсті. Бразилиялық футболшы Неймар ( 95,5 миллионмен) 7-орында, ал америкалық баскетболшы Леброн Джеймс (88,2 милионмен) 9-орында тұр.

Жүктелуде...