
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліc тауып, титулынын айырылды, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Кездесу тоғызыншы раундттан соң тоқтатылды.
Бокс Лос-Анджелестің Wild Card Boxing аренасында өтті. Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесуде бірінші орта салмақтағы USNBC және USBA титулдары сарапқа салынды. Біріншісі - қазақстандықтікі болған, екіншісі - оның қарсыласына тиесілі.
Айта кетейік, 32 жастағы Әшкеев кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 7 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 23 жастағы Конуэлл да 13 кездесуінің барлығында қарсыластарынан басым түскен. Он кездесуін нокаутпен аяқтаған.
Салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшының салмағы тең түскен болатын.