
Қазақстандық Мадияр Оңалдиннің әнші K-Maro-ның Femme Like U француз хитына жасаған трегі Yandex.Music нұсқасы бойынша жылдың үздік электрон трегі атанды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
https://www.youtube.com/watch?v=tqgTSGVs0yc
Аталмыш тректі Shazam қосымшасында 650 мыңнан аса тыңдалған, TikTok-та осы әнге 336 мыңнан аса видео түсірілген.
Кейде достарым тректі менің көзімше қосқанда ұялып қаламын", - деді Мадияр ОҢАЛДИН.
Әнші Эмма Питерспен шыққан өлең осы жаздың хитіне айналды. Трек жеті елдегі Shazam-да бірінші орынға шыққан. YouTube-те 5 миллион рет қаралым жинаған.
Мадияр Оңалдин 10 жыл бұрын ән жазатын бағдарламаға кездейсоқ тап болып, музыкамен айналыса бастаған.