Дәмхана иелері кешкі уақытта өз мекемелерін жабудан бас тартты

Дәмхана иелері кешкі уақытта өз мекемелерін жабудан бас тартты

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_38003" align="alignnone" width="2560"] width= Amsterdam, Netherlands[/caption] Чехияда дәмхана иелері наразылық шарасын бастады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Хабар24" сайтына сілтеме жасап. Олар жақында қабылданған ережеге сай кешкі сағат сегізде өз мекемелерін жабудан бас тартып отыр, Өйткені бұл уақытта жабылсақ, тақырға отырамыз дейді. Ал билік өкілдері заң бұзған кәсіпкерлер шығынға шаш етектен батады деп ескертті. Өйткені бұл үшін ірі көлемде айыппұл салынады. Чехия мейрамханаларында жұмыс тек кешкі сағат сегізден кейін қыза бастайды. Сондықтан нысан иелері жаңа қаулыға наразы. Олардың айтуынша, билік шағын бизнеске қаржылық көмек берудің орнына құрдымға итеріп отыр. Егер тек күндіз жұмыс істесе, шығынын ақтамақ түгілі қызметкерлерге жалақы төлеуге мұршалары жетпей қалатын түрі бар.

Павол МИТРА, паб иесі: Күні бойы бос отырамыз, өйткені халықтың түгелі жұмыста. Ал демалуға келгенде, есігімізді жабуға тиіспіз. Үкімет мейрамханалар ашылатынын айтқанмен, іс жүзінде біз бұрынғыша жабықпыз. Күндіз дәмханаға ешкім бармайтынын кәсіпкерлердің бәрі біледі. Таяуда Чехиядағы ондаған дәмхана сағат кешкі сегізде жабылудан бас тартты. Жұрт осы орындардың тізімін әлеуметтік желілерден біліп, оларға баруға асыққан. Алайда көбісін күтпеген қонақтар – полиция қызметкерлері қарсы алды. Бір жолға айыппұл салмай, тек ауызша ескерту жасаған.
 
Клим КОЛОМИЕЦ, Прага полициясының аға инспекторы: Адамдардың жүйкесі тозған, бәрі шаршады. Мұны түсінеміз, бірақ ереже бұзуды жалғастырса, полиция айыппұл сала бастайды. Ең төмен мөлшері – 400 еуро. Бұл шара көмектеспесе, істі соттың қарауына береміз. Ал онда өзге шаралар қабылданады, айыппұл мөлшері 113 мың еуродан басталады. Үкімет өкілдері бұл шаралар мейрамхана кәсібін тұралатуды көздеп отырған жоқ дейді. Шектеулер елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданып отыр. Ал қаржылық көмекті ең алдымен медицина және туризм секілді Чехияның маңызды салаларына көрсету қажет. Дегенмен парламент мейрамхана иелеріне де жәрдем беруді уәде етті, бірақ бұл көмек биыл болмайтын түрі бар.

Жүктелуде...