Мысырдағы Хеопс пирамидасының құпиясы ашылмақ

Мысырдағы Хеопс пирамидасының құпиясы ашылмақ

ашық дереккөзі

 width= Мысырдағы Хеопс пирамидасының құпиясын ашатын жәдігер табылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Бұл – балқарағайдың бөліктері. Ол 70 жыл бойы сигараның астында елеусіз жатып қалған. Ағашты Шотландиядағы Абердин университетіне инженер Уэйнман Диксонның ұрпағы тапсырған. Аталған инженер ежелгі ағашты Хеопс пирамидасындағы патшайымның қабірінен 1872 жылы тапқан. Дерек бойынша «құрылыс кезінде балқарағайды пирамиданың түбін бекіту үшін пайдаланған» дейді. Мұны жақында жасалған радиокөміртектік анализ нәтижесі де дәлелдеп отыр. Яғни, ағаш жәдігер осыдан 5 мыңдай жыл бұрын пайда болған. Анығын айтқанда, бұл балқарағай 3341 және 3094 жылдар аралығында Мысыр даласында өскен. Ал Хеопс перғауынның қабірі одан кейін 500 жылдан соң салынған деп келген болатын.

Абир ЭЛАДАНИ, Абердин университеті кураторының ассистенті: Қорапта жазылған нөмірді қайта жазып, мұрағаттағы деректермен салыстырдық. Сол кезде оның жылдар бойы таптырмай келген жәдігер екенін бірден түсіндім. Өте қуаныштымын. Себебі бұл өте маңызды зат қой. Ағаштың жасын анықтаған мамандар енді оның пирамида құрылысында қолданылғанын дәлелдеуі керек. Басқа бір нұсқа бойынша балқарағай бөлігі перғауынның қасына көмілген көне ескерткіштің қалдығы болуы мүмкін. Мұның ақ-қарасын алдағы зерттеу анықтайды.

Жүктелуде...