Әр рудың да президенті болады екен

Әр рудың да президенті болады екен

ашық дереккөзі

 width= - Сіз кімсіз? - Президентпін! - Қай елдің президентісіз? - Қай елің не? - Президентпін дегенге... - Өййй... "Пәлен" деген рудың президентімін. Рудың президенті... Басқа өңірлерде бар ма жоқ па, білмеймін. Бірақ оңтүстікте бар. Сол президенттер не істейді десеңіз, айтайын. Ақша жинайды. Сол рудың шежіресін жазуға, сол рудан шыққан тұлғаларға ескерткіш жасатуға, сол рудың ата-бабаларын еске алуға арналған көкпар, бәйге, ас және т.б. өткізуге, сол рудың ішінен біреулерді қызметке орналастыруға. Айта берсең көп. Ақшасы барлар аянып қалмайды. Ақшасы жоқтар әжептеуір қиналады. Осы нәрсе керек пе бүгінгі қазаққа? Даңғазалық тап-таза. Ақша жинағыш болсаң жинап бер қолынан іс келетін руласыңа, кәсіп ашсын. Еш болмаса оншақты адамды жұмыспен қамтиды. Ақша жинағыш болсаң жинап бер қорасында тышқақ лағы жоқ руласыңа, мал алып аяққа тұрып алсын. Ақша жинағыш болсаң жинап бер шаруа руласыңа, жер алып егін ексін. Ауылға азық болады. Пайдасы бар дүниелермен айналысу керек ғой. Түкке тұрғысыз тірліктер әйтеуір. Ойланайық та! Қашанғы жүре бермекпіз осылай?!                                                                                                                                                       Дәурен БОЛЫС

Жүктелуде...