Табысының жарты бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған миллиардер кім?

Табысының жарты бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған миллиардер кім?

ашық дереккөзі

 width= Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Скотт төрт айдың ішінде қайырымдылыққа 4,2 миллиард доллар бөлген, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Оның жақсылыққа бөлген қаржысын пандемия кезінде америкалықтарға көмектесетін ұйымдар, азық-түлік банктері және төтенше көмек қорлары алады.

"Пандемия күнін әрең көріп жүрген америкалықтарға жойқын соққы болды. Экономикалық және медициналық зардаптар әсіресе әйелдер, саны аз ұлттар мен кедейлер үшін қиынға соқты. Осы уақытта миллиардерлердің байлығы артты", - деп жазды ол блогында
Маккензи Скоттың Безоспен арасы суығаннан кейін алған Amazon акцияларының 25%-ы биыл 23,6 млрд долларға өсіп, 60,7 млрд долларға жетті. Пандемия экономиканың көптеген салаларын құлдыратқанымен, интернет-сауданың дамуына үлкен мүмкіндік жасады.  width= Еске салайық, Маккензи Безоспен ажырасқаннан кейін ол әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылды. 50 жастағы жазушы және қоғам белсендісі миллиардерлер тізімінде 18-ші орында. Ал бұл тізімде Маккензидің бұрынғы күйеуі көш бастап тұр. Осы жылдың шілдесінде Скотт вирустан зардап шеккен отандастарына 1,7 миллиард доллар бөлді. Қайырымдылық саласындағы сарапшыларды сома мөлшері де, Маккензи Скотт пен оның көмекшілері жасаған алдын-ала жұмыстар да таң қалдырады. 6,5 мыңға жуық америкалық қайырымдылық қорлар ішінен олар алдымен 116-сын, содан кейін тағы 380-ін мұқият таңдады. Былтыр Маккензи Скотт байлығының кем дегенде жартысын қайырымдылық қорларына беру туралы моральдық міндеттеме - "Сыйға тарту антына" қол қойды. "Менің ақшам тым көп және оны бөліскім келеді", - деп жазды сол кезде Скотт.

Жүктелуде...