Ақтөбе облысы жайлы аймаққа айналады

Ақтөбе облысы жайлы аймаққа айналады

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер — Берік Көздігарин мен  Сұлупан Шынтасова тікелей эфирде сайлаушылардың сауалдарына жауап беріп, партияның облыс бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.    Берік Көздігарин бағдарламада көрсетілген негізгі бағыттарға тоқталып, Nur Otan партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, облыс тұрғындарын орталықтандырылған сумен, көгілдір отынмен қамтуды, таза ауа мен сапалы жолдарға қол жеткізуді басты назарға алып отырғанын жеткізді. Бұдан кейін кандидат қала тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Мәселен, Ақтөбе қаласының бір тұрғыны үміткерден келер жылы Нұр Ақтөбе және Батыс-2 шағын аудандарында қанша шақырым жол жөнделетінін сұрады. Бұл сауалға Берік Көздігарин:

— Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей өңірде жолдардың сапасын жақсарту үшін 2025 жылға дейін бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Оның ішінде Нұр Ақтөбе ауданында келер жылы 5,7 шақырым, Ал Батыс-2 ауданында 5,4 шақырым жол салынып, 2021-2023 жылдары Ақтөбе қаласының батыс айналма жолында 10,5 шақырым жолдың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар алдағы екі жылда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесінде 3 шақырым автомобиль жолын қайта құру жоспарлануда, — деді.
Сонымен қатар тікелей эфир барысында үміткерге әуе қатынасы мен ішкі рейстер қызметі туралы сұрағандар да болды.  width= Кандидаттың айтуынша, бүгінгі күні «Ақтөбе» халықаралық әуежайы арқылы күн сайын Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына 6 ішкі рейс қатынайды. Сонымен қатар Мәскеу, Египет сияқты шет елдерге де рейстер бар. Осы орайда Nur Otan партиясы 2025 жылға қарай әуежайдың ішкі және халықаралық әуе транзиттік тасымалдар жүйесіне тартылуын басты назарға алып отыр. Бұл бағытта алдағы жылдары «Ақтөбе» әуежайы ашық аспан режиміне қосылып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шарджа қалаларына жаңа рейстер мен бағыттар ашылады. Осылайша алдағы бес жыл ішінде өңірдегі жолаушылар ағыны 560 мың адамға дейін, жүк ағыны жылына 30 мың тоннаға дейін артады. Тікелей эфир барысында өз сайлаушыларына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, бірқатар мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіткен Сұлупан Шынтасова қала халқының толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету үшін Nur Otan партиясы әр түрлі санаттағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа жобаларды жүзеге асыратынын жеткізді.  width= Тікелей эфирде үміткерге тұрғындардан бірқатар сауалдар келіп түсті. Оның ішінде бір топ тұрғын пандемия кезіндегі көмек жайын сұраса, Ақтөбе қаласы Набережная көшесінің тұрғыны 11-шағын аудан арқылы жүретін №27 автобустың уақыт интервалы ұзақ екенін айтып, қоғамдық көлік мәселесін шешуді өтінді. — Биылғы пандемия кезінде партия жанынан «Біз біргеміз» қоры құрылып, қорға жиналған қаржы облыс тұрғындарына 7 категория бойынша берілді. Ол үшін арнайы тізім жасалып, кімдердің қаржылай көмекке ие болатындығы анықталды. Жалпы осы тізім бойынша мыңдаған ақтөбелік, оның ішінде аз қамтылған, көпбалалы, мұқтаж отбасыларға 50 мың теңгеден көмек берілді.
Ал қоғамдық көлік мәселесіне келсек, жоғарыда қойылған сауал бойынша жауапты тұлғаларға бұл мәселені жеткізетін боламыз. Жалпы бұл мәселе бойынша партия   алдағы бес жылда азаматтардың жекелеген санаттары үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етпек. Осылайша, өңірде зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беріледі, — деді Сұлупан Панақызы.
                                «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.      

Жүктелуде...