weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дубай мен Түркия Тәуелсіздік күніне ерекше сый жасады

Дубай мен Түркия Тәуелсіздік күніне ерекше сый жасады

Дубай мен Түркия Тәуелсіздік күніне ерекше сый жасады
ашық дереккөзі
 width= Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында орналасқан, әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Бурдж Халифадан және Түркия астанасы Анкарадағы TOBB ғимаратынан Қазақстанның көк туы көрсетілді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. «Тәуелсіздік мерекесіне орай Бурдж Халифадан Нұр-Сұлтан уақытымен 21.40-тайң бейнесі көрсетілді», - делінген БАӘ-гі ҚР елшілігінің хабарламасында. Желі қолданушылары көк түске боялған алып ғимарат көрінісін БАӘ-гі Қазақстан елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан көре алады. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты Түркия астанасы Анкара қаласының төріндегі TOBB ғимараты да көк байрақтың түсіне енді.  width=
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы Анкара қаласының төрінде TOBB ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді», - делінген Қазақстанның Түркиядағы елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында.