Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ақтөбедегі шалғай ауыл тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ақтөбедегі шалғай ауыл тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

 width= Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ербол Данағұлов және Тахталифум Есенғұлов, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Рахат Сыдықов, Ғалымжан Елеуов Шалқар ауданының тұрғындарымен кездесті. Облыстық сайлауалды штабтың басшысы Ербол Данағұлов партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, тұрғындардың ұсыныс-тілектері маңызды екенін жеткізді.  width=

— Биылғы жыл біз үшін үлкен сынақтар жылы болды. Коронавирус инфекциясы біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан Nur Otan партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсетіп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады, — деді Ербол Данағұлов.
Кездесуде штаб мүшелері тұрғындар сауалдарына жауап беріп, алдағы бес жылда облыста атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.  width= Содан соң үміткерлер Шалқар аудандық ауруханасына барды. Бұл жерде кандидаттар облыс бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының денсаулық саласының негізгі көрсеткіштеріне және партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарына тоқталып, медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады. Шалқар қаласының орталығындағы «Сартай» сауда үйінде шағын және орта бизнес өкілдерімен басқосуда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ербол Данағұлов тұрғындарды жұмыспен қамтуда және халықтың әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес саласы маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Өз сөзінде  Nur Otan партиясы кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыс бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» шеңберінде жыл сайын кәсіпкерліктің кемінде 200 жаңа жобасына қаржылық қолдау көрсетуді, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын кемінде 60 жобаға жеңілдетілген несие беруді, өздерінің жеке бизнесін құруы үшін жыл сайын кемінде 2 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлағанын айтты. Сауда үйіне келушілердің барлығына үгіт-насихат парақшалары таратылды.  width= Сондай-ақ алдағы жылдары облыс бойынша шикізатқа тәуелсіз өндіріске жеке инвестиция көлемін 245 млрд теңгеден 294 млрд теңгеге немесе 20 пайызға ұлғайту, пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жергілікті бағдарламаны қабылдауды көздейтін партияның облыстық сайлауалды бағдарламасы туралы «Қамқор Локомотив» ЖШС Шалқар сервистік орталығы қызметкерлерімен кездесу барысында да айтылды. Аталған өндірістік орталық директорының міндетін атқарушы Қайрат Махамбетов мекеме қызметкерлерінің басым көпшілігі партияның белсенді мүшелері екенін айтып, партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Одан кейін үміткерлер Байқадам, Бегімбет ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тахталифум Есенғұлов Nur Otan партиясының жобаларына тоқталып, қоғамның әрбір тобына бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді.  width= Сонымен қатар бұл күні үміткерлер ауыл тұрғындарына «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, «Алтын алқа» иегері Сәлима Жолмағанбетованың, «Күміс алқа» иегері Рысжан Өтепбергенованың, ІІ топ мүгедегі Зүбайда Беркалина және Нұрмұханбет Наурызалиндердің үйлеріне барып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.                                  "Nur Otan" партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жүктелуде...