Геннадий Головкин қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Геннадий Головкин қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Құттықтауды боксшы Facebook-парақшасында видео ретінде жариялады. Видеода чемпионның Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретіп, рингке шыққан сәттері көрсетілген. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанғанына бүгін 29 жыл толып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері халық ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани-мәдени жаңғыруға бет бұрды. Осы мерзімде Тәуелсіз Республикамыз Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларға да реформалар жүргізілді. Бүгін де Қазақстан экономикасы дамыған, бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы бар мемлекетке айналды.

Жүктелуде...