"Шырша": шырша кесетіндердің алдын алу басталды

"Шырша": шырша кесетіндердің алдын алу басталды

ашық дереккөзі

 width= Ақтөбе облысының ПД аумағында 2020 жылғы 15-31 желтоқсан аралығында “Шырша” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының аумағында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сатудың жолын кесу бойынша табиғат қорғау органдарына көмек көрсету мақсатында “Шырша” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Қылқан жапырақты ағаштар өсетін жерлерде бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу үшін жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.

Жүктелуде...