
Солтүстік Қазақстан облысында пойызға және ұшаққа отыру үшін енді ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті қаулыға ҚР көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жанар Оразалина қол қойды.
Жаңа қаулы бойынша енді СҚО-да теміржол мен әуе көлігіне отыратындар ПТР тестін жасатпауына болады. Құжат 16 желтоқсан сағат 00.00-де күшіне енеді.
Петропавлда 14 желтоқсаннан бастап карантиндік шектеулер жеңілдетіліп, қаланың периметрі бойынша қойылған блокпосттар алынды. Оған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы себеп.
Енді демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктер жүреді. Жексенбіден басқа күндері сауда орталықтары әдеттегідей жұмыс істемек.