weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шектеу шараларының үшінші кезеңі енгізілді

Шектеу шараларының үшінші кезеңі енгізілді

Шектеу шараларының үшінші кезеңі енгізілді
ашық дереккөзі
 width= Лондонда коронавирусты шектеу шараларының үшінші кезеңі енгізілді, деп Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қала мэрі Садик Хан бұл жолғы локдаун бизнеске ауыр соққы болатынын, бірақ адам шығынын азайтудың бірден бір жолы екенін жеткізді. Осылайша Британия астанасында жаңа жылға жарты ай қалғанда дәмханалар, мейрамханалар мен шарапханалар толық жабылып отыр. Олар клиенттеріне  тамақты тек жеткізіп бере алады. Сондай-ақ көпшілік іс-шаралардың өтуіне тыйым салынды. Қалалық саябақтарда тек 6 адамға дейін жиналуға болады. Оның өзінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Бұдан басқа азық- түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен спортзалдар жұмысын тоқтатпайды.
Садик Хан, Лондон мэрі: - Лондонда вирусты көп жұқтырып отырған топ 10-19 жас аралығындағы адамдар. Соңғы аптада індет осы топтың арасында 75 процентке ұлғайды. Бизнес өкілдерін түсінемін. Әр локдаун жариялаған сайын сіздер клиент жоғалтасыздар. Бірақ шектеулерді күшейтуге мәжбүрміз.