Қай күні дүниеге келдіңіз?

Қай күні дүниеге келдіңіз?

ашық дереккөзі

 width= Дүйсенбі. Ел ішінде «Дүйсенбі – ауыр күн» деген тіркес бар. Бұл сөзді жексенбі күнгі демалыстан кейін жұмысқа бірден кірісіп кетуге қиналатын адам шығарған шығар. Жалпы жаңа туған бала үшін бұл тіркес мүлдем қате. Дүйсенбіде өмірге келген сәби өте мейірімді, сүйкімді келеді. Жанындағыларға адал, жақсы дос бола алады. Олардың ылғи көңіл күйі құбылып тұрады. Дәл осы күні дүние есігін ашқандар өзін өзгемен салыстырмайды, керісінше жоғары бағалайды. Үй шаруасына бейім. Сонымен қатар асты жақсы әзірлейді. Сейсенбі. Бұл күні өмірге келген адамдар батыл келеді. Олар үнемі қозғалыста болады. Күш-қуаты тасып тұрады. Команданы басқарғанды ұнатады. Басқаларды басқара алатын қасиеті бар, өзгелер де оның соңынан еруге қарсы келмейді. Сейсенбі күні туған адам әлемді шарлап саяхаттағанды және тарихи кітаптарды оқығанды жаны қалайды. Сәрсенбі. Сәрсенбі күні көбіне көңілді, өмірге құштар сәбилер дүниеге келеді. Барлық ортада алдыңғы қатарда жүреді. Үнемі әзіл-қалжыңның ортасында жүруді қалайды. Тігу, пішу секілді істерге шебер. Сауда қызметтері айналасынан да алыс емес. Сезімтал, өзгелердің жанын өзіндей түсінеді. Кез келген кедергіні күліп қарсы алып, күліп шығарып салады. Бейсенбі. Бұл күні тұрақты, үйдегі берекені сүйетін балалар өмірге келеді. Олардан өте жақсы отағасы не отанасы өсіп шығады. Өздері қаламаса да, өзгелердің жүрегін жаралы етеді. Жаңашылдықты жақсы қабылдап, барлығына жеңіл қарайды. Бұл адам тұйықталып, үнсіз жүргенін сирек көресіз. Керісінше, айналасын думанға орап, күлкіге көміп жүреді.Ерекше қасиеті – қырсықтық. Жұма. Табиғатынан өнер мен сұлулыққа құштар жандар. Үнемі көңілді жүреді, көңіл көтеруді ұнатады. Сыртқы келбетіне көп көңіл бөліп, махаббатты бірінші орынға қояды. Мәдениет, телевизия, өнер саласында қызмет етеді. Тәтті көрсе шыдап тұра алмайды. Сенбі. Сенбі. Сенбі күні өмір есігін ашқандар барлық жағдайға салмақпен қарайды. Олар не ұстаз, не ғалым болады. Жұмысты егжей-тегжейлі, ынты-шынтысымен істейді. Сондықтан үнемі көздеген мақсатының шыңына жетеді. Бұл еңбекқор адамдар бүгін істей алмаған ісін ертең міндетті түрде үйреніп алады. Сабыр мен еңбек – олардың басты ұраны. Жексенбі. Күн белгісінде туғандар, шынында да, шапақты. Үнемі қуанышты, көңілді жүргенді ұнатады, өз сұлулығымен әлемді нұрға бөлейді. Жексенбі күні дүниеге келгендер бақытты болад деп есептеледі. Тұрмыстық өмірі сәтті, достары көп болады. Оптимистігі арқасында өмірдің бұралаң жолында өз орнын тура табады. Барлығына шығармашылық жолмен барады. Идеялары мен фантазиялары жетіп артылады.

Жүктелуде...