weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сайрам ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілмек

Сайрам ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілмек

Сайрам ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілмек
ашық дереккөзі
 width= Сайрам ауданындағы Қасымбек датқа, Шіркін, Құрлық, Оразалиев, Теспе, Әсіларық және Ошақты елді мекендерінің 2 011 үйі мен 11 587 тұрғыны табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігінің тілшісі. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 24-і табиғи газбен қамтылған. Олардың пайыздық үлесі - 57,1%.  width= 2020 жылдың 16 желтоқсанына дейін қосымша 7 елді мекенге табиғи газ беріледі деп жоспарланып отыр. Қазірде табиғи газ жүйелерінің құрылысы Шапырашты және Береке елді мекендерінде аяқталған. Аудандағы елді мекендердің жалпы саны - 9. Табиғи газ жүйелерінің жобалық, сметалық құжаттамалары дайын 7 жоба бар. Облыс әкімдігі қаржыландыратын 5 елді мекенге арналған 4 жобадағы газ жүйесі құрылысының жалпы қаржысы 2,45 млрд теңгені құрайды. Соған байланысты 2020 жылға 4 млн теңге қаржы бөлінді.  width= Аталған елді мекендердегі газ жүйесінің құрылысы аяқталғанда, олардың пайыздық үлесі 85,7%-ды құрайды. Қалған 4 елді мекенге арналған 3 жобаға жалпы құны 3,18 млрд теңге жұмсалмақ. Жоғарыда аталған жобалар қолдау тапқан жағдайда Сайрам ауданы табиғи газбен 100% қамтамасыз етіледі.  width=