Ауыл жастары үшін жабық футбол манежі пайдалануға берілді

Ауыл жастары үшін жабық футбол манежі пайдалануға берілді

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Шапырашты елді мекеніндегі жабық футбол манежі жастарға пайдалануға берілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігінің тілшісі. Манежде жастардың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалған. Жаңадан берілген спорт нысанынында спортпен шұғылдануға қызығушылық танытып отырған жастардың қатары көп.  width= Қазіргі уақытта ауылдың 70-ке жуық тұрғыны санитарлық талаптарды сақтай отырып, осында спортпен айналысып жүр. Сондай-ақ аудандағы осындай жабық футбол манеждерінің саны 20-ға жетті. Атап айтқанда, барлық ауыл округтерінің орталық елді мекендерінде жастар спортпен шұғылдана алады. Спорт нысанының ашылу салтанатында Сайрам ауданының әкімі Сәдібеков жас спортшыларға салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулықты одан әрі жақсарту туралы ойларын айтты. Сонымен қатар алдағы жарыстарда ауылдан чемпиондардың шығуын тілеп, жылы лебізін де білдірді.  width=

Жүктелуде...