"Nur Otan" партиясының белсенділері тұрғындармен кездесті

"Nur Otan" партиясының белсенділері тұрғындармен кездесті

ашық дереккөзі

 width= 10 желтоқсаннан бастап депутаттыққа кандидаттар мен «Nur Otan» партиясының белсенділері үй басы жүріп, сайлауалды бағдарлама туралы әңгімелеп, тұрғындарды 10 қаңтар күні осы партияға дауыс берулеріне шақыруда. Үгіттеу жұмыстары «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда.

Сайлаушылармен кездескен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сергей Леонтьев өз сөзінде: «Nur Otan» – бұл нағыз істерге дағдыланған партия. Көп шаруа атқарылды, әлі де жүзеге асатын істер баршылық. Сайлау болса, алдағы жылдарға стратегия құруға мүмкіндік береді. Сондықтан, құрметті «нұротандықтар», құрметті қазақстандықтар, баршаңызды 10 қаңтар күні сайлауға қатысуға шақырамын. «Nur Otan» партиясы үшін дауыз беріңіздер», – деді.
 width= Партияның сайлауалды бағдарламасы – бұл нұротандықтардыың алдағы 5 жылға жұмысының нақты жоспары. Оның міндеттері солтүстікқазақстандықтардың сұранысына негізделген, қоғамның актуалды мәселелеріне жауап бере алатындай күшке ие. Петропавл қаласының тұрғындары партиялықтарды қуана қарсы алып, алдағы маңызды оқиғаға әр азамат қатысу керектігін айтты.  width=
«Біз, Қазақстанның тұрғындары, барлық саяси оқиғаларға қатысуға міндттіміз. Өкілетті органдардың сайлауы біздің өмірімізде зор маңызға ие, біз кімді сайласақ, соның нәтижесінде болашағымызды құрамыз. Мен және менің отбасым міндетті түрде сайлауға қатысамыз. «Nur Otan»-ға дауыс береміз. Бұл маңызды саяси шараға қатыспау мүмкін емес», - дейді облыс орталығының тұрғыны Виктор Бондаренко. Замандасының бұл ойын қала тұрғыны Марат Ермұқанов та қолдап отыр. Ол: «Әрине, сайлаудың болуы заңды. Бізге жаңа идеялар ұсына алатын тың ойлы азаматтар керек», – деді.
Сайлаушылар атап өткендей, «Nur Otan» партиясының арқасында өңірімізде оң өзгерістер орын алған. Олардың пікірінше, Тәуелсіздік жетістіктерін жоғалтып алуға жол бермеу керек. Сондықтан прогрессивті, табысты Қазақстанды құру – жалпыға ортақ міндет болмақ.        «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жүктелуде...