
Жәрдемақы алғандар санатында науқастарды емдеуге қатысқан дәрігерлермен қатар, жедел жәрдем жүргізушілері мен мобильді топ, уақытша ауруханалардың қызметкерлері де бар, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.
"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес үш тәуекел тобы анықталды – өте жоғары, жоғары және орташа деңгей. Осы тәуекел топ қатарында еңбек еткен 8 мың медицина қызметкеріне төлем жүргізілді. Оның жалпы сомасы 13 миллиард теңгені құрады", – деді Рүстемова.
Жәрдемақы алғандар санатында дәрігерлер мен жұқпалы аурулар ауруханаларының орта медициналық және кіші медициналық қызметкерлері, науқастарды емдеуге қатысқандар, жедел жәрдем көлігі, мобильді топ өкілдері бар. Сондай-ақ, олардың арасында уақытша ауруханалар мен бөлімдердің медициналық қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілері де енген.
Айта кетейік, бірінші тәуекел тобының медицина қызметкерлері – 850 мың теңге, екінші топқа – 425 мың теңге, ал үшінші топқа – 212 мың теңге көлемінде жәрдемақы алды.