Жаттықтырушының қыздарды бетінен ұрғаны видеоға түсіп қалған

Жаттықтырушының қыздарды бетінен ұрғаны видеоға түсіп қалған

ашық дереккөзі

 width= Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Inaktau.kz сайтына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, жаттықтырушы Жаңаөзен командасының спортшыларына дөрекілік көрсеткен. Жарысқа қатысушылардың бірінің анасы бұл оқиға кеше, 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде болғанын айтты. Спорт нысанының аумағында волейболдан жарыс өткізілген, оған Жаңаөзен командасы қатысты.

"Менің қызым басқа командада ойнайды. Жарыс кезінде олар Жаңаөзен командасының бапкері өз шәкірттерін қалай ұрғанын көріп, оны видеоға түсірді", - деді спортшының анасы.
Cондай-ақ, жаттықтырушының мұның видеоға түсіріліп жатқанын байқап, ешқайда жарияламауды сұрағаны айтылады.  

Жүктелуде...