Қазақстандық шенеунік "қос елдің азаматтығын алған" деп айыпталды

Қазақстандық шенеунік "қос елдің азаматтығын алған" деп айыпталды

ашық дереккөзі

 width= Шымкентік шенеунік қос елдің азаматтығын алғаны үшін айыпталды. Интернетте қалалық спорт бөлімінің басшысы Қазақстан мен Ресейдің азаматы болып табылады деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Козачковтың Telegram каналында Шымкент спорт басқармасының бастығы Олег Почиваловқа тиесілі құжаттар пайда болды. Қағазда Мәскеу облысы Олег Владимирович Почиваловтың тұрғылықты орны ретінде көрсетілген. Ал "азаматтық" деген бағанда "Ресей Федерациясы" деп жазылған. Туған жері - Шымкент.

"Олег Владимирович, сізде шыныменде екі елдің азаматтығы бар ма? Мемлекеттік қызметке қалай түстіңіз?" - деп жазды басылым авторы.
Шымкент әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Сізге Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Олег Почивало бір елдің ғана азаматы екенін хабарлаймын. Ол Қазақстан Республикасының азаматы", - деді Шымкент қаласы спорт бөлімінің баспасөз хатшысы Малика Джалилова.
Еске салсақ, Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.

Жүктелуде...