Сайрам ауданының әкімі тұрғындарды тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сайрам ауданының әкімі тұрғындарды тәуелсіздік күнімен құттықтады

ашық дереккөзі

 width= Ақсукент ауылында "16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні" мерекесіне орай аудан әкімінің қатысуымен карантиндік талаптар сақтала отырып аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.  width=  width= Мерекелік жиынды аудан əкімі Ұласбек Сәдібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі.

"Тəуелсіздік күні - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Аталған жетістіктерге Сайрам ауданының да қосқан үлесі зор. Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымызда бірқатар нысандар халық игілігіне берілді. Атап айтқанда: Сайрам ауданында 600 орындық екі мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған мектептің бірі Қарабұлақ ауылында орналасса, екіншісі Ақсуабад елдімекенінде. Сонымен қатар Шапырашты елді мекенінде жабық футбол манежі пайдалануға берілдсе, ауданымызда 6 елдімекенге табиғи газ берілді. Осы аталғанның бәрі - Тәуелсіздіктің сыйы. Алдымызда жауапты кезең күтіп тұр. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін", - деді Ұласбек Сәдібекұлы.
 width=  width= Халқымызға жылдар бойы арман болған айтулы мерекеге орай, ауданымызға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға «Сайрам ауданының Құрметті азаматы» атағы мен мемлекеттік наградалар табысталды. «Казфосфат»ЖШС-нің бас директоры - Мукаш Искандировқа, «Ferrum-Vtor» ЖШС-нің құрылтайшысы - Абдурашит Омаровқа, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты - Фахриддин Қаратаевқа, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы – Ауельхан Тургумбековке, Сайрам аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер тарапының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы - Зейнеп Куттыбаеваға, зейнеткерлер - Жумабай Мамековке, Зумрад Ахмедоваға, Атиркуль Бурибековаға, Бердибек Джанабаевқа, НурлыбекЕркинбековке «Сайрам ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.  width= Кәсіпкерлік саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «АЙКАН» ЖШС-нің директоры Алмагүл Құдайбергенқызы ҚР Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, бірнеше азамат облыс және аудан әкімінің алғыс хатымен, сала бойынша төсбелгілермен марапатталды.  width= "Сайрам аудандық мәдениет үйі" концерттік ұйымының өнерпаздары әннен шашу шашып, салтанатты жиын көңілді ән мен жырға ұласты.

Жүктелуде...