
"Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы. "Сары" аймаққа жеті өңір – Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы енген. Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.
Қыркүйектен бері Қазақстанда 2 884 оқушы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агентттігі
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Оқу жылы басталғаннан бері 2 884 оқушы вирус жұқтырды. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 818 жағдай, қашықтан білім алатындар арасында – 2 066 жағдай", - деді Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол қазақстандықтар келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алдағы демалыс күндерінде инфекция жұқтырып алмас үшін бірқатар кеңес берді. Олар:
- халық көп жиналатын орындарға бармау;
- ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және оған қатыспау;
- суық тигізіп алудан сақтану;
- міндетті түрде маска тағу;
- қашықтық пен гигиенаны сақтау;
- мерекемен құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын пайдалану.
Қожапованың мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.
"Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы. "Сары" аймаққа жеті өңір – Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы енген. Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.