Қоғам белсенділері Президент пен Парламентке петиция жолдамақ

Қоғам белсенділері Президент пен Парламентке петиция жолдамақ

ашық дереккөзі

 width= Елімізде күн сайын бір әйел күйеуінің қолынан қайтыс болады. Қоғам белсенділері елдегі тұрмыстық зорлық туралы заңды шикі әрі осал деп есептейді. Бірқатар қоғам белсендісі мен құқық қорғаушылар Президент пен Парламентке петиция жолдамақ. "Тұрмыстық зорлықты тоқтатайық!" - деп ұрандатқан наразы топ отбасылық жанжалды геноцидпен тең дәрежеде қарастыруды сұрап отыр. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші: "Отбасы болған соң болып тұрады деп қабылдап жүрдім, соңғы 3-4 айда себепсізден себепсіз ашуланса, бүкіл негативін менен алатынын түсіндім. Кейде шапалақпен соғып жібереді, кейін кулактап ұратын болды".
Деректерге жүгінсек, күн сайын елімізде 1 әйел тұрмыстық жанжалдың құрбаны болады. Демек, әр күн сайын жоқ дегенде, 1 шаңырақтың шырағы сөніп, ошағы суиды. Қос құлыншағын құшағына құшырлана қысып жатқан Сымбат енді мына өмірде жоқ. Некелі жарынан зәбір көрген келіншектің жайы елде резонанс тудырғаны белгілі. Арада екі ай өткен соң, қызғалдақ ғұмыр үзілді. Отбасылық жанжалдан онсыз да көз ашпай отырған біздің қоғам кешелі-бері тұрмыстық зорлық туралы заңға қарсы қол жинап жатыр. Петицияны қазірдің өзінде 15 мыңға жуық адам қолдап үлгеріпті. Әйелдер зорлығы статистикасы Күн сайын 1 әйел тұрмыстық зорлықтың құрбаны болады Күн сайын 4 әйел тұрмыстық зорлықтан зардап шегеді Күн сайын 5 әйел суицидке талпыныс жасайды Айына 18 әйелге ер адамдар тарапынан қоқан-лоққы көрсетіледі Наразы топ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тұрақты сипатқа ие болып отырғанын айта келе, геноцидпен тең дәрежеде салыстыруды талап етуде. Одан бөлек, ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру де жазасыз қалмауы тиіс дейді. Хатта зардап шеккен адамның қауіпсіздігіне де мән берілген. Айтпақшы, Сымбат Құлжағарованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Эльмира ШАУЛЕНОВА, Қалалық полиция департаментінің Баспасөз хатшысы: «Өз-өзіне қол жұмсау фактісі нақтыланды. Қазіргі таңда Алматы аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалып, тиісті тергеу амалдары жалғасады».
Сымбаттың туыстары мен достары оның суицидке барғанына сенбейді. Ол өте ақжарқын, ашық әрі кез-келген мәселеге байыппен қарайтын жан еді деп еске алады.
Марқұм Сымбат Құлжағарованың құрбысы: "Сымбаттың өзіне-өзі құл жұмсады дегеніне сенбеймін. 7-сыныптан бері бірге оқыдық. Сол уақыттан бері өзін психикалық ауытқуы бар адам ретінде көрсеткен жоқ. Әрқашан да керісінше, ақылды, саналы өзін ұстайтын еді. Тіпті өмірлік ситуацияларда әрқашан саралап, ойланып барып істейтін. Жалпы күйеуге шыққаннан кейін өзгеріп кетті қатты. Тұйықталып кетті қатты".
2019 жылдың соңында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға өзгерістер енгізілгені белгілі. Бір жылдан бері үй тирандары әйеліне жұдырық ала жөнелгені үшін айыппұл төлеп жүрген жоқ. Бастапқыда тек ескерту жасалады. Қоғам белсенділері осы аталған түзетулерге бұған дейін де  наразылық білдірген болатын. https://youtu.be/ZQmwuSojsPA

Жүктелуде...