weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңажылдық кештерге қатысатын шенеуніктер жұмыстан қуылады

Жаңажылдық кештерге қатысатын шенеуніктер жұмыстан қуылады

Жаңажылдық кештерге қатысатын шенеуніктер жұмыстан қуылады
ашық дереккөзі
 width= Ресейдің Новосибирск облысының губернаторы Андрей Травников қоластындағыларға коронавирус пандемиясы кезінде жаңажылдық кештерге қатысатын шенеуніктер жұмыстан қуылатынын ескертті деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Nur.kz. сайтына сілтеме жасап. Травников қызметкерлеріне барлық сақтық шараларын орындауға мүдделі екенін көрсету маңызды екенін атап жеткізді. Оның сөзінше, тәртіп бұзушылар арнайы рейдтер арқылы ізделеді екен. Сондай-ақ Новосибирск облысының губернаторы жауапты органдар мен шенеуніктерді жаңажылдық кештерді жасырын өткізуді жоспарлап отырған ойын-сауық орталықтары және тамақтану орындары туралы ақпарат жинауға шақырған. Айта кетейік, осыған дейін Травников эпидемиологиялық шаралардың сақталуын ескермей, бұқаралық іс-шараға қатысқан шенеуніктерді сыйақыдан айыруды тапсырған еді. Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Жаңа жылға орай безендірілмейтіні хабарланған еді. Қаланы безендіруге бөлінген қаражат коронавирусқа қарсы күреске пайдалану үшін бюджетке қайтарылған. Одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қала тұрғындарына жаңажылда ұжымдық кештер өткізуге рұқсат жоқ екенін, тіпті жаппай серуендеуге болмайтынын айтқан болатын.