Шардара: Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде өтуде

Шардара: Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде өтуде

ашық дереккөзі

 width= «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 желтоқсан күні аудандық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Осы күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді. Бастауыш партия ұйымдары онлаин кездесулер ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмыстарын, сайлау заңдылықтарын талқылады.  width= Мұнан бөлек бұл шараға «Жас Отан» – жастар қанатының мүшелері мен белсенді жастар тобы да атсалысуда. Олар күн райының қаталдығына қарамастан халыққа қызмет көрсетіп отырған мекемелер мен дүкендерге, өзге де нысандарға барып жадынама қағаздарын іліп, таратты. Шардаралықтар «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» ұраны аясында партияның 7 бағыттан тұратын аймақтық сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады.                              «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...