
Отбасы 12 жыл бұрын қайтыс болған қыздарын қабірден қазып алып, тұрмысқа беру үшін сатқан Қараусыз қалған үйден табылған "баланың басы" желі қолданушыларын шошытты
"Аудандық білім беру бөліміне Қостанайдан зат алып келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі бір елес жол бермей келе жатыр деп, біздің елді мекенге келгенде тоқтапты. Содан ауылдың кісілері жолығып, ауданға дейін жеткізіп тастап, ауданға мешіт имамына барғанда әлі кетпей тұр деген әңгімелер болды. Имамның оқуын оқығаннан кейін кетті деген әңгімелер де кездеседі", - дейді Жусандыой ауылдық округінің әкмі Талап Қазиев.Бұған қоса, ол ауыл болып жыл сайын сойлатын құрбандықтың кешіктірілгенін атап өтті. Ел арасында тылсым елестің пайда болуын осымен де байланыстыратындар да бар екен. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы коронавирус жетпеген жалғыз ауыл осы Ханкөл екен. Дегенмен жұрттың мазасы індеттен емес, алып-қашпа әңгімелердің салдарынан кеткен. БҚО-да адамдарды қорқытқан елес өтірік болып шықты.