Халықтың 400 миллион теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды

Халықтың 400 миллион теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды

ашық дереккөзі

 width= Алматыда тұрғындарды 400 миллион теңгеге алдаған 43 жастағы алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы күдіктіге қатысты тереуді бастады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2014 жылдан осы уақытқа дейін "Жалға берілетін тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Хан Тәңірі" тұрғын кешенінен пәтел алуға көмектескен. Сонымен қатар, ол тұрғындардың сеніміне кіру немесе алдау арқылы жер учаскелерін және тұтқындалған автомашиналарды электронды сауда-саттық жолымен сатып алуға көмектесімен деп бірқатар жәбірленушіден аса ірі көлемде ақша алған. Материалдық шығын 400 миллион теңгеден асқан. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ер адам күдікті деп танылған. Қазіргі таңда ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр", - дейді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бөлімінің басшысы Әділ Салаев.
Сонымен қатар, ол күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 55-үй мекенжайы бойынша, ПД ЖПБҰА ІІБ аға тергеушісі Г. Литвиненкоға (Телефоны: 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56) хабарласуға кеңес берді.

Жүктелуде...