Ұшақтың қанатына мініп ұшпақ болған жігіт ұсталды

Ұшақтың қанатына мініп ұшпақ болған жігіт ұсталды

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында ер адам ұшуға дайындалып жатқан ұшақтың қанатына өрмелеп шығып алған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі today_kaz инстаграм парақшасына сілтеме жасап. Бұл оғаш жағдайдың видеосын көпшілік назарына ұсынған "Авиационные новости 24" атты YouTube парақшасының мәліметінше, оқиға 12 желтоқсан күні Alaska Airlines әуе компаниясының ұшағында болған. 1367 рейс Лас-Вегастан Портлендке ұшуы керек болған. Алайда жолаушылар ұшуға дайындалып жатқан кезде ұшақтың қанатынан белгісіз ер адамды байқап қалады. Ол қақпаны көлікпен бұзып өтіп, ұшаққа қарай бет алған. Алайда ұшақтың қанатына қалайша өрмелеп үлгергені белгісіз.  width= Ұшқыштар диспетчерге жағдайды хабарлап, артынша тәртіп сақшылары келген. Полицейлер ұшақтың қанатына жігіттің соңынан өрмелеп, оны жерге түсірмек болады. Алайда полицейлердің сөзіне бағынғысы келмеген азаматтың аяғы тайып кетіп, ол жерге құлап түседі. Ер адам дереу емханаға жеткізілген. Бұқаралық ақпарат құралдары келтірген мәліметке сәйкес, ер адамда психологиялық ауытқулар болуы мүмкін екен  

Жүктелуде...