Тергеуші болып теріс ағымға түсіп кеттім

Тергеуші болып теріс ағымға түсіп кеттім

ашық дереккөзі

 width= Жау жоқ деме жар астында, қауіп жоқ деме қыр астында. Біздің қоғамға, елдікке, керек десеңіз тәуелсіздікке төнетін қатер бар. Псевдо салафизм немесе уахаббилік ағым. Осы орайда бір айға жуық уақыттан соң Жусан операциясының басталғанына тұп-тура бір жыл толатынын атап өткен жөн. Аталған гуманитарлық шара төрт мәрте жүзеге асып, нәтижесінде Сирия аумағындағы қақтығыс ошақтарынан 500 дей отандасымыз елге жеткізілген еді. Күні бүгінге дейін сол бәлелерді құтқарып не керек, елге әкелген соң қауіп төндіреді, сол жақта қырылып қалғаны жақсы еді ғой деп уәж айтушылар әлі деп көп. Алайда Шам жерінде қалған отандастарымыздың дені 4 тен 12 жасқа дейінгі балалар еді. Ертең әне міне он жылда алды жиырмадан асады. Ес білгелі исі адамзат баласын кәпір деп жек көріп өскен олар ертең туған жері Қазақстанды нысанаға алмағанда кімді алады? Әсілінде қауіп-қатер сол Сириядағы ДАИШ та ғана емес, уахаббилік идеясымен уланған әрбір адамда. Оның жағрапиясы болмайды. Кешегі Ақтөбе, Тараз, Алматы мен Атырауда ылаң салғандар сол әрекеттерін қайталамасына кім кепіл? Қайталады да, бірақ терактінің жолы кесіліп, қылмыскер жазаға тартылды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Теріс діни ағымға түсу үшін білімсіздік, я тағдырдан  теперіш көрген бейбақ болудың қажеті шамалы. Мына азаматтың оқиғасы сөзімізге дәлел.

Сәкен ӘЛМЕНОВ, жазасын өтеуші: «Кезінде органда істегем. Тергеуші болып. Кейін уже көзқарастарым өзгеріп кетті кәдімгідей. Вообще жек көріп кеттім осы органда істейтіндерді».
Айтпақшы бұрындары уахаббилікке нақты адамдардың ықпалымен ұрынса, қазір оның да қажеті шамалы. Ғаламтор келгелі зұлымдықтың таралу өрісі кеңейген. Бірақ сиптомдар сол баяғы.
Сәкен ӘЛМЕНОВ, жазасын өтеуші: «Агрессивность кетіп қалды да менде. Слишком. Сондай уағыздарды тыңдай бердім.  В основном шейх Абдуллах Костекскийді тыңдай бердім. Сонымен қатты кетіп қалдым.   Осы жолға түсіп агрресивность пайда болады екен. Ол байқамай қаласың. Бірте-бірте пайда болады».
Әлқисса, бұл жігіт не бүлдірді? Сәл артқа шегініс жасасақ. 2018 жылы қыс көктем айларында Ақтөбе облысында хиджап төңірегінде шу шықты. Мектепке қыздарымызды орамалсыз, кебінсіз кіргізбей жатыр деп сақалдылардың шулағанын көз көрді. Осының өзінен ақ қоғамның біртұтастығына қауіп барын көзіқарақты адам бағамдайды.
Жандәулет ОТАРБАЙҰЛЫ  Нұр-сұлтан қалалық дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары, теолог: «Тағуд деп айыптайтын жүйелері бар олардың. Яғни бұл  мемлекет ислами құндылықтарға құрылмаған. Бұл мемлекет зайырлық сипаттарға мән береді, сол себептен бұл жердегі заңдылықтардың барлығы тағуд яғни шайтани жүйе деп баға бергізеді бұл радикалдық топтар».
Оқу орындарында хиджапқа тиым салынса, оған білім министрлігі кінәлі деп шешкен Сәкен Әлменов, білім министрліне келіп ылаң салмақ болған жерінен қолға түсті. Арнайы қызметтер дер кезінде әрекет етіп, терактінің алды алынды. Айтпақшы оған бүйтесің-сүйтесің деп бүге-шүгесіне дейін ешкім жөн сілтемеген. Кезіндегі полицияда қалыптасқан дағдылары жеткілікті. Тек сана бүлінсе қауіптісі сол.
Жандаулет ОТАРБАЙҰЛЫ Нұр-Сұлтан Қалалық дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының Орынбасары, теолог: «Интернетте отырған Кастекский деген шетелде отырған уағызшы насихатшылар бар. Яғни осы адамдарды бір эмоцияға келтіру арқылы сондай бір әрекеттерге баруға итермелеп. Яғни ашық айтпаса да сен осылай жаса осындай адамға деп бағыттамаса да бірақ идеологиялық тұрғыда адам сондай шешімге келеді».
Абырой болғанда ахидің ойлағаны іске аспады. Қауіпсіздік комитетінің мамандары дер шағында лаңкестік әрекеттің жолын кескен. Қазір Сәкен Әлменов түрмеде жазасын өтеп жатыр. Оны райынан қайтару үшін оңалту жұмыстары жүргізілді. 2019 жылдың қаңтарында, мамырда және жаз айларында Жусан операциясы ұйымдастырылып, ДАИШ аумағынан 495 отандасымыз шығарылды. Сарапшылар пайымынша оларды мемлекет аяғаннан ғана оттан алып шықты деп ойламауымыз керек екен. Адасқандардың ақылын кіргізіп, райынан қайтару теріс жолда жүрген мыңдаған адамның ойлануына әсер етеді дейді мамандар. Жалпы Жусанның сыртында оңалту жұмыстары нәтижесінде мыңнан аса адамның санасы салафизмнің уытынан арылғаны мәлім. Аңдасақ идеяны идея ғана жеңеді. Яғни зұлымдықтың жолын мейірімділік қана кесе алады. Оны енді бәріміз білеміз. https://youtu.be/OJ97WyXLMns

Жүктелуде...