weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

 Ресей консулдығының қақпасына плакат ілгендерді полиция қамауға алды

 Ресей консулдығының қақпасына плакат ілгендерді полиция қамауға алды

 Ресей консулдығының қақпасына плакат ілгендерді полиция қамауға алды
ашық дереккөзі
 width= Алматыда қоғам белсенділері Ресей консулдығының қақпасына "Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!" деген жазуы бар плакатты іліп қойды, деп Newsroom+ақпарат агенттігі  zakon.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы журналист Бақытжан Бұхарбай өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Ұзынқұлақ маған "Намыс" ұйымының жастары ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстанның Солтүстік аймағы жайлы айтқан жалған сөздеріне протест білдіріп, Ресей консулдығына "Солтүстік Қазақстан ‒ қазақтың жері" деген плакат ілгенін жеткізді. Меніңше, жігіттер бұдан әрі барып, "Орынбор ‒ қазақтың жері" деп сойып салуы керек еді. Сонда симметриялы жауап болушы еді. Не болса да, жарады", делінген жазбада.
Сондай-ақ онда наразылық танытушы жігіттерді полиция қызметкерлері ұстап алып кеткені де айтылған.