Шыршаның бағасы 50% пайызға қымбаттады

Шыршаның бағасы 50% пайызға қымбаттады

ашық дереккөзі

 width= Қостанайда Жаңа жыл қарсаңында шырша құны 50%-ке қымбаттады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап хабарлайды Сатушылар қылқан жапырақтыларды Ресейден әкеледі. Сәйкесінше, көрші елдегі баға да айтарлықтай өскен көрінеді. Өз кезегінде аймақта орман алқаптарын қорғау жұмыстары күшейтілген. Мобильді топ тәулік бойы жасыл желекті браконьерлерден сақтайды.

.Леонид КОРНЯ, сатушы: - Биыл шыршалар әкелген жоқпыз. Бағасы өте қымбат. Кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Жалпы Қостанайға қылқан жапырақтылар аз көлемде әкелінді. Жаңа жылдың басты нышаны көрші Свердлов облысынан сатып алынады. Алғашқы легі қараша айында әкелініпті.
Леонид Корня, сатушы: Баға шамамен 1500 теңгеге өсті. Себебі жанармай қымбаттады. Тағы түрлі шығынымыз бар дегендей. Карантинге байланысты шекара да жабық. Көбісі шыға алмады. Бағаның өсуіне байланысты көпшілік Жаңа жылды жасанды шыршамен қарсы алуды қалайды. Дегенмен, жасанды ағаштан гөрі табиғи жасыл желектің жөні бөлек екенін де ұмытпайды. Осыдан он бес жыл бұрын елімізде орман қарағайларына балта шабуға мораторий жарияланған. Қостанай облысы аумағының небәрі 2%-і жасыл белбеуге кіреді. Демек, шыршаны кесу – қылмыс. Қанат Батырханұлы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманы: - Орманды қорғау табиғат мекемелерінде 76 мобильді рейдтік топ құрылған және 14 пост бар. Орман шаруашылығы мекемесінің инспекторлары орман алқаптарын қорғап, рейд жасап жүреді. 2020 жылы осы уақытқа дейін ағаш кесу фактісі тіркелмеген. Қостанайдың орталық алаңында жаңажылдық шырша пайда бола ма, болмай ма әлі беймәлім. Әкімдік оны құпияда сақтап отыр. Белгілі болғандай, Жаңа жылдың басты нышанына қазынадан 5 миллион теңге бөлу көзделген.

Жүктелуде...