Білім сапасы – басты назарда

Білім сапасы – басты назарда

ашық дереккөзі

 width= «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Данияр Уәлиев пен Лилия Баймұратова Аққайың ауданындағы «Білім» бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Әңгімелесу барысында кандидат Данияр Уәлиев үгіттеу жұмысы партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті.

«Партия бағыттарының бірі – білім сапасын жақсарту. Бұл – 1 және 6 жас аралығындағы балалар қатарын 78,2 пайызға дейін арттыру үшін мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту, педагогтардың кәсібилік деңгейін арттыру есебінен 2025 жылға қарай жалпы орта білім беру ұйымдарында 36-дан 80 пайызға дейін педагогикалық шеберлік санаттарына ие мұғалімдердің үлесін арттыру болып табылады. Бұдан басқа, 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен облысымыздың негізгі елді мекендеріндегі 260 ауылдық орта мектепті химия, биология және физика пәндік кабинеттерімен жабдықтау, алыс орналасқан шағын ауылдардың мектеп жасындағы балаларын уақытша тұрып, білім алуы үшін ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған «Уақытша отбасы» әлеуметтік жобасын іске асыру көзделіп отыр», – деді кандидат.
 width= Бұған қоса, кандидаттар кездесу үстінде білім саласындағы жаңашылдықтармен бөлісті. Олар дуалды формада оқу бітірген түлектерді толығымен жұмыспен қамту, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусының құрылысы, сондай-ақ, өңірлік ЖОО студенттерінің жатын орны жағдайын жақсарту мақсатында 1200 адамға арналған 2 студенттік жатақхана құрылысы, осызаманғы технологияларды енгізу және қашықтан оқытуды ұйымдастыру шаралары жоспарланып жатқанын сөз етті. «Білім» бастауыш партия ұйымы өкілдері жоғарыда аталған міндеттерді толықтай қолдады. Сайлауалды бағдарлама 7-ден астам нақты міндеттен тұрады. Олар солтүстікқазақстандықтардың негізгі қажеттіліктерінен тұрады және қоғамның актуалды проблемаларына жауап бере алатындай күшке ие.      «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жүктелуде...