«Nur Otan» партиясының кандидаты Ақтөбедегі шалғай ауылды газдандыру жобасымен бөлісті

«Nur Otan» партиясының кандидаты Ақтөбедегі шалғай ауылды газдандыру жобасымен бөлісті

ашық дереккөзі

 width= Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылының тұрғындары «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасымен танысты. Ауылды газдандыру, интернет желісіне қосу мәселелерінің шешімін сұрап, тұщымды жауап алды. Қобда ауданының Жиренқопа ауылы шалғай жерде орналасқан мекен. Мұндағы тұрғындардың көбі мал шаруашылығын кәсіп еткен. Тарихи өлкеде Қобыланды батыр ескерткіші бар. Туристер жиі барып, мемориалдық кешеннің жұмысымен танысады. Әрі Қобыланды батыр музейіндегі құнды жәдігерлерді тамашалап, ауыл тұрғындарымен де тілдесе алады. Құтты мекендегі атқарылар шаруа мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын партия кандидаты Алтынбек Әмірғалиев таныстырды.

«Экономикалық тұрақтылық – партияның басым бағыты. Экономика өрге басса, халықтың әл-ауқаты артады. Ол үшін инвестиция тарту қажет. Шалғай ауылдың да өз ерекшелігі бар. Мұнда мал шаруашылығын дамытып, дәстүрлі емес саланы көркейтуге болады. Облыстық сайлауалды бағдарламада алдағы 5 жылда мүйізді ірі қара мал басының санын 5 %, жылқы санын 7% арттыру мақсаты алға қойылды. Сонымен бірге мал басын асылдандыру негізгі жұмыстың бір бөлігі. Алдағы жылдары асыл тұқымды мал басы 35,6 мыңнан 47,6 мыңға жеткізіледі», - деді Алтынбек Әмірғалиев.
Ақтөбе облысының Қобда ауданында шаруалар мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр. Осы бағыттағы жұмысты жетілдіріп, жыл сайын кем дегенде 700 жаңа жұмыс орнын құру көзделді. Партия еңбек нарығындағы сұранысты ескеріп, әр жылы 25 адамды кәсіптік оқуға, 50 адамды қысқа мерзімді курсқа жіберу, бизнес бастауға несие бөлу, 2023 жылы ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын Индустриалды аймақ құруға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданда 3,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға және белсенді шағын және орта бизнес нысандарының санын 1,3 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Аудан, ауылдың даму жоспарымен танысқан жиренқопалықтар газ құбырын тарту жұмысы жайын сұрады.
«Алдағы 5 жылда бес ауылға газ тартылады. Олар Сарбұлақ, Терісақан, Жарсай, Жаңаталап және Жиренқопа ауылдары. Қабылданған шаралар нәтижесінде аудандағы 8 мың адам немесе ауылдардың 42 пайыызы газбен қамтылады. Сонымен бірге 15 елді мекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жоспары кезінде Жиренқопа ауылы да енгізілді»,- деді Алтынбек Әмірғалиев.
Партияның сайлауалды бағдарламасын тыңдап, өз сауалына жауап алған ауыл тұрғындары ризашылығын білдірді. "Nur Otan" партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жүктелуде...