Дональд Трамп вирустың Америкада аяқталатынына сенімді

Дональд Трамп вирустың Америкада аяқталатынына сенімді

ашық дереккөзі

 width= АҚШ президенті Дональд Трамп Pfizer және BioNTech компанияларынан штаттарға вакцина жеткізу басталғанын, азаматтарға 24 сағаттан кейін екпе егіле бастайтынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. "Пандемия бәлкім Қытайда басталған болар, бірақ біз оны дәл осында, Америкада аяқтаймыз", - дейді Трамп. Ол Pfizer, BioNTech және Moderna компанияларының препараттары 95 пайызға әсерлі екенін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, әзірлеушілер "қауіпсіздіктің алтын стандартын" еңсеріп, АҚШ "қауіпсіз вакцинаны жасаған алғашқы ел" болды. "Бұл вакцина барлық америкалықтар үшін тегін болу мүмкіндігін қамтамасыз еткенімізді мақтан етемін", - дейді Дональд Трамп. Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) жұма күні америкалық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech компаниясы жасаған вакцинаны мақұлдады. Сонымен бірге Moderna компаниясы да шұңыл пайдалануға лицензия алу үшін өтініш берген. Еске сала кетсек, бұған дейін миллиардер Билл Гейтс қазірдің өзінде таңдалған Pfizer-BioNTech вакцинасынан басқа, Moderna, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Novavax кандидаттары алдағы айларда мақұлдау алуы мүмкін екенін айтқан болатын. Айта кетейік, Данияның Saxo Bank инвестициялар жөніндегі директоры Стин Якобсен пандемия келесі жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп мәлімдеді. Сарапшының сөзінше, өз қалпына келу үшін әлемдік экономикаға бір жыл жетеді.

Жүктелуде...