Соғыстағы сарбаздар шығынан, вирус жұқтырып көз жұмғандардың саны көп

Соғыстағы сарбаздар шығынан, вирус жұқтырып көз жұмғандардың саны көп

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық сарбаздар арасындағы адам шығынынан асып кетті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Бизнес Инсайдер» сайтына сілтеме жасап. Соғыс кезінде 291 мың 557 америкалық жауынгер көз жұмған. Ал коронавирус құрбандарының саны 300 мыңнан асып кеткен. Айта кеткен жөн, АҚШ вирус жұқтыру деректері бойынша да, өлім көрсеткіші бойынша да әлемде бірінші орында тұр. Эпидемиологиядық ахуалдың нашарлауына байланысты Нью-Йорк штатында мейрамханаларға іште қонақтарды қабылдауға тыйым салынатын болды. 14 желтоқсаннан бастап мұнда тек өзімен бірге тамақ әкетуге болады немесе сыртта отыруға рұқсат. Бірақ бұған кәсіпкерлер қарсы. Олар статистиканы мысалға келтіреді. Көрсеткіштерге сәйкес, штатта вирус жұқтыру деректерінің шамамен 74 проценті үйдегі сауық кештері мен отбасылық отырыстармен байланысты екен.

Жүктелуде...