Атақты актрисаның мүсінін жасағаны үшін сотталып кетті

Атақты актрисаның мүсінін жасағаны үшін сотталып кетті

ашық дереккөзі

   width= Иранда Сахар Табар лақап атымен танылған блогер Фатима Хишванд он жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. Басылым ақпаратына сүйенсек, ол Құдайға тіл тигізді, зорлық-зомбылыққа шақырды, рұқсат етілмейтін жолдармен ақша тапты және жастар арасында сыбайластықты насихаттады деп айыпталған.  width= Иран журналисі Масих Алинеджад Табардың қорғаушысымен хабарласып, оған расыменде 10 жыл түрмеде отыру жазасы берілгенін анықтапты. "Сахар Табар небәрі 19 жаста. Оның анасы бейкүнә қызын босату үшін күн сайын жылайды. Қымбатты Анджелина Джоли! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет", - деп жазды журналист Масих Алинеджад. Айта кетсек, сәуір айында блогер коронавирус жұқтырған. Бастапқыда Хишванд түрмедегі карантин изоляторына ауыстырылған. Алайда оның денсаулығы нашарлап кеткен. Түрме әкімшілігі оны Тегерандағы ауруханаға ауыстыруға мәжбүр болыпты.

Жүктелуде...