Депутат: "Қазақстан деген ел болмаған"

Депутат: "Қазақстан деген ел болмаған"

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан территориясы - Ресейдің сыйы, деп мәлімдеді Ресейдің мемлекеттік бірінші каналы эфирінде Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы білім және ғылым комитетінің төрағасы, «Үлкен ойын» бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

"Қазақстан деген мемлекет болмаған, солтүстік Қазақстан мүлдем болған жоқ. Олар бұрын болған, бірақ тек оңтүстікте ғана өмір сүрген. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы Ресей мен Кеңес Одағының керемет сыйы"- деді.
Ол «бәрін де жеңе алмадық» деп мәлімдеді.
«Беларуссияны бағындырғанымыз есімде жоқ. Поляктардың кейбір тұстарын жаулағанбыз. Иә, олар Түркияда жеңіп, Шығыс Украинаны бағындырды. Мұны неге жаулап алу деп санайтынын білмеймін, мен онымен шынымен келіспеймін. Грузияны ешкім бағындырған жоқ, олар түріктердің қамытынан қашып кетті, дәл Армения сияқты », - дейді Мемлекеттік Думаның депутаты.
[playlist type="video" ids="37246"] Еске сала кетейік, Ресей саясаткерлері, соның ішінде үкіметшіл партиялардың өкілдері Ресей теледидарының эфирінде осындай мәлімдемелерді жиі жасайды.

Жүктелуде...