
ресей
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов өзінің келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Найман» инстаграмдағы парақшасында 22 қаңтарда Магнитогорск қаласында AMC Fight Nights кеші аясында ресейлік Магомед Магомедовпен жұдырықтасатыны туралы хабарлады.
Бұған дейін Хамитовтың сегізбұрышқа 7 қаңтарда оралатыны хабарланған болатын.
Еске салайық, қазақстандық өзінің алдыңғы жекпе-жегін осы жылдың қыркүйек айында өткізіп, ресейлік Ахмад-Хан Боковты жеңген еді.