
Өткен жылы 5 баласынан айырылған отбасы сәбилі болды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Арада бір жыл өткеннен кейін 5 баласынан айырылған Евгений мен Жанымгүл балалы болды. Бұл қуанышты хабарды белгілі журналист Ерқанат Көпжасар Instagram парақшасында жариялады.
Қуанышты хабар! 5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты. Жаратқан бір ауыртпалықтың артынан екі жақсылық жібереді,- деді ол.
Желі қолданушылары Ситердің отбасын кішкентайлы болуымен құттықтап, ақ тілектерін айтты.
Еске сала кетейік, елордада жер үйден бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бірдей бүлдіршіні қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға бүлдіршіндердің ата-анасын ғана емес, қазақстандықтардың да қабырғасын қайыстырған болатын.