"Айсұлтан Назарбаев" Google-да ең көп сұралған есім

"Айсұлтан Назарбаев" Google-да ең көп сұралған есім

ашық дереккөзі

 width= Жыл сайынғы дәстүр бойынша Google Қазақстанда осы жылдың басынан бастап көп ізделген мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Ең көп сұралған кісі есімдерінің арасында бірінші орында Айсұлтан Назарбаев орналасқан екен. Екінші қаңтар айында әуе апатынан қаза тапқан америкалық баскетболшы Коби Брайант, үшінші Михаил Ефремов, ал алғашқы төрттіктің соңында АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден тұр. Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев 2020 жылдың тамызында Лондонда көз жұмды. Дәрігерлер «жүрегі тоқтап қалған» деген диагноз қойған болатын.

Жүктелуде...