Алматыда биыл жаңажылдық отшашу болмайды, алаңдарға өткен жылғы шыршалар орнатылады. Шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қойылады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. Алматы қаласының әкімдігі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар қалай өткізілетіні туралы айтып берді.
Әкімдіктің негізгі бюджеттік қаражаты эпидемиямен күресуге бағытталды, сондықтан жаңа жылға арналған ауқымды іс-шараларға, сондай-ақ жаңа шыршалар мен көшелерді безендіруге ақша бөлінбеді. Жаңажылдық дәстүрлі отшашу да болмайды.
Сонымен қатар инфекция қаупіне байланысты қаладағы барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады. Іс-шаралардың көпшілігі онлайн режимде өтеді.