"Ninety One" тобының экс-әншісі мен Ерке Есмаханның арасында не бар?

"Ninety One" тобының экс-әншісі мен Ерке Есмаханның арасында не бар?

ашық дереккөзі

 width= Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде отбасымен демалып жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап Алайда, белгілі болғандай, өнер иесі Дубайда тек жанұясымен ғана емес, "Ninety one" тобының экс-мүшесі Aзамат Зенкаевпен бірге уақыт өткізуде. Желіде қос әншінің суреттері тарап, көпшілік арасында қызу талқыға түсті.  width= Желідегілер қос әншінің бірге демалып жүргеніне қарап, олардың қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүргенін болжады. Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың Дубайдағы суреттері НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасының ресми Instagram парақшасында жарияланды. "Қайда" әнін орындаушы арудың жеке парақшасында жұлдыздарды бірге көргендерін айтып, пікір қалдырғандар да бар. Қалың көпшілік қос өнерпаздың бірге саяхаттап жүргенінің өзіне аса қатты таңғалған. ⠀  width= Айта кетейік, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың жас айырмашылығы 9 жас. Әзірге шоу-бизнес жұлдыздары бұл қауесетке қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Олар желідегі ақпаратты не растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Жүктелуде...