Масканың қауіпті екенін айтқан дәрігер кім?

Масканың қауіпті екенін айтқан дәрігер кім?

ашық дереккөзі

 width= Ресейлік дәрігер Денис Серов маска тағудың неге қауіпті екенін түсіндірді. Бұл туралы ол "Москва" агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Мәскеулік дәрігер Денис Серовтың айтуынша, бетті тығыз жаппайтын маска құрғақ көз синдромын тудыруы мүмкін.

Маман маска тығыз орналаспағандықтан адам демалған кезде ауа жоғарыдан шығатынын, салдарынан көз қабықшасының буланатынын атап өтті.
"Бұл жағдай ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Адамның көру қабілеті нашарлап, көздің қабығы зақымдануы ықтимал", - дейді дәрігер.
Ол бір рет пайдаланатын масканы 2-3 сағат тағу керегін ескертті. Денис Серов көзге қатысты проблемалар туындаған жағдайда көз тамшысын пайдалануға, ал көру қабілеті нашарлаған кезде бірден дәрігерге баруға кеңес берді.

Жүктелуде...