Елорданың дәл ортасынан жағымсыз иіс шығып жатқаны рас па?

Елорданың дәл ортасынан жағымсыз иіс шығып жатқаны рас па?

ашық дереккөзі

 width= Елорданың қақ ортасынан кәріз станциясын ашқан шенділер араға бірнеше күн салып, бұл жобадан бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Тұрғындардың бірі  таза ауа жұтудан қалдық десе, өзгелері  керісінше, ассенизаторлық көліктердің қызметі арзандады деп малақайларын аспанға атып еді. Осыдан екі апта бұрын мына қоршау салына бастағанда-ақ, тұрғындар бір шикіліктің иісін сезіп едік дейді. Күдіктері де, мұрындары да алдамапты. Толассыз аққан ассенизаторлық көліктердің кесірінен бүкіл ауданға жағымсыз иіс жайылған.

Ардақ Бөкенова қала тұрғыны: "Левый берегтің қақ ортасында отырмыз, цирк қасында мынадай запахпен қалай,  қала репутациясына нұқсан келтіреді. Тереземізді  аша алмасақ,  балаларынымзы далаға шығармасақ,   бұл қалай?. Бұл проблеманы шешпесе,  өте қиын жағдай болады".
Жұрт шағым айтып бармаған жеріміз жоқ дейді. Алайда,  олардың зарын еститін құлақ табылмаған.
Өмірхан Әбу қала тұрғыны: "Бір күннің ішінде  30-40 машинадан келіп төгіп жатыр.  Мұны қалай тоқтату керек? Акиматқа,  прокуратураға хат жаздық. Бірақ біздің хатымызды қарап жатқан жоқ".
Қаланың қақ ортасындағы Шұбар ықшам ауданында жұрттың дені жер үйде тұрады. Көбі орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Айына 20-25 мың төлеп, ассенизаторлық көлік шақырады. Бұрын машиналар бірнеше  шақырым жердегі станцияға  қатынайтын. Кейін ол жерге 12 қабатты үй мен  автотұрақ салынып,  кәріз станциясын әкімдік осында көшірген.

Жүктелуде...