ЖОО түлектері такси жүргізушісі болып жұмыс істеуге мәжбүр

ЖОО түлектері такси жүргізушісі болып жұмыс істеуге мәжбүр

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_37105" align="alignnone" width="1500"] width= Male taxi driver in car[/caption] Коронавирус індетінің салдарынан Чехияда еңбек нарығы өзгеріп жатыр, деп Newsroom+ақпарат агенттігі  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды. Жоғарғы оқу орындарын бітірген адамдар такси жүргізуші мен курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр. Оған қоса таяуда елдегі ірі 40 компания қызметкерлерін қысқартатынын жариялады. Жылы кеңселерде отырған мыңдаған адам нәпақасынан айырылатын болды. Театрда актер болып жұмыс істеген Яромир бірнеше ай бойы үйде отырды. Нәпақасыз қалғандықтан такси жүргізуші болып жұмысқа орналасты. Қазіргі табысы театрдағы жалақысынан кем емес, алайда уақыты көп кетеді. Яромир Сачик, такси жүргізуші: Адал еңбек ұят емес. Тәуір актер болып, кейін такси айдап жүргеніме алғашында қысылатынмын. Күз басталғалы жұмыс істеп келемін. Жұмысынан айырылып, не істерін білмейтін талай жолаушымен әңгімелескеннен кейін жағдайым нашар емес екеніне көзім жетті. Құдайға шүкір, балаларымды асырап отырмын. Кезінде әнші, асаба немесе сауда саласында жұмыс істеген адамдар қазір курьер немесе көше сыпырушы болып орналасуға мәжбүр. Жазда мамандығы бойынша жұмыс іздесе, енді тек жалақысының мөлшеріне қарайтын болды.

 Джо КРАВЧИК, Прага қаласы Жұмыспен қамту бөлімінің аға заңгері: - Көктемде індет дендеген кезде Чехияның еңбек нарығы өзгере бастады. Көптеген мұғалім мен ғалым жұмыссыз қалды. Жоғары білімді білікті мамандар кассир немесе бала күтушісі болып жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ туризм және ойын-сауық саласының көптеген қызметкері жұмыссыздар қатарын толықтырды. Арасында тіпті фирма иелері де бар. Жақында ғана соңғы үш жылда екі қонақ үйді басқарған адам жұмыс іздеп, бізге келді. Ол велосипедпен пицца жеткізуші болып орналасты. Айлығы 150 еуро. Жергілікті билік бәрін жұмыспен қамтуға тырысып бағуда. Десе де, жұмыссыздар санының өсуінен еңбек нарығындағы сұраныс, ұсыныстардан едәуір асып кеткен. Таяуда елдегі ірі 40 кәсіпорын қызметкерлерін қысқартатынын жариялады. Алдын ала есеп бойынша 200 мыңдай адам табысынан айырылуы мүмкін. Ал эпидемиологиялық ахуал ушығып, жүздеген мейрамхана жабылса, жұмыссыздар саны одан да артып кетеді.
   

Жүктелуде...