Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда бірнеше аймақтың карантинге жабылатыны рас па?

Қазақстанда бірнеше аймақтың карантинге жабылатыны рас па?

Қазақстанда бірнеше аймақтың карантинге жабылатыны рас па?
ашық дереккөзі
 width= Мессенджерлерде Қазақстан өңірлерінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокпосттар орнатылатыны туралы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Жалған хабарламада Премьер-министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті қоса жүктелген. Бұл ақпаратты Премьер-министрдің баспасөз қызметі ресми түрде жоққа шығарды.
«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті жалған. Қазақстанның өңірлері мен қалаларында 14 желтоқсаннан бастап блокпосттар орнатылып, қозғалыс шектеліп, қатаң локдаун енгізілмейді. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату