Жер астынан 35 млн теңгелік гауһар тас тауып алған

Жер астынан 35 млн теңгелік гауһар тас тауып алған

ашық дереккөзі

 width= Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында тұратын ферма иесі 6 млн рупий (шамамен 35 млн теңге) тұратын алмазды тауып алып, кенеттен байып шыға келді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі toneto.net сайтына сілтеме жасап. Жергілікті The Times of India басылымы жария еткен ақпаратқа сәйкес, қараша айында 45 жастағы Лакхан Ядав (Lakhan Yadav) кішігірім жер учаскесін 200 рупийге (шамамен 1143 теңге) жалға алады. Жерді қопару кезінде фермер ерекше гауһар тасты байқап қалады. Ол бірден тасты арнайы мамандарға көрсетіп, оның 14,98 караттық алмаз екенін анықталғанда, қуанышында шек болмағанын жасырмады. Сенбі күні, 5 желтоқсанда қымбат тас аукционға қойылып, алты миллион рупийге (шамамен 35 млн теңге) сатылып кеткен. Жиендерінің өтініші бойынша ферма иесі қаражаттың бір бөлігін мотоцикл сатып алуға жұмсаса, қалған ақшаны ол балаларды оқытуға жұмсауды жоспарлап отыр.

Жүктелуде...